Бейжің мэрі отставкаға кетеді
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Бейжіңде жуырда нөсер жаңбырдың салдарынан болып өткен төтенше жағдайды жою барысы тұрғындардың наразылығын тудырды,
сол себепті қаланың қазіргі мэрі Го Цзиньлун және оның орынбасары отставкаға кетуге өтініш берді.
Естеріңізге сала кетейік, елорда өңірінде болған нөсер жаңбырдың салдарынан өткен демалыста 100-ге тарта адам көз жұмған еді. Олардың кем дегенде 37-і Бейжіңде қаза тапты. Тұрғындар зардап шеккендерге көмек көрсетуде асықпағаны үшін, мерт болғандар мен қирандылар жөнінде нақты мәліметтерді жасырғаны үшін қала басшылығын айыптауда, деп хабарлады Утро. ру.