Бейжің Олимпиадасынан қанша ел жүлде алды, қай ел көш бастап тұр

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындары бел ортасына да келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің Олимпиадасынан қанша ел жүлде алды, қай ел көш бастап тұр

Бүгін Бейжіңдегі Ақ Олимпия ойындарының жетінші күні де артта қалды. Медальға талас күн санап қыза түскендей.

Өзге елдер Германия құрама командасын қуалап жете алмай келе жатыр.

Олар үш күннен бері жалпы медаль кестесінде көшбасшылықтан түсер емес.

Германия қоржынын бүгін тағы 1 алтын, 1 күміске толтырып, медаль санын 7 алтын, 4 күміске жеткізді.

Екінші орында келе жатқан норвегиялықтардың еншісінде - 6 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар.

Ал кеше 5-орында тұрған Нидерланд құрамасы бүгін 5 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен үздік үштікке көтерілді.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Германия - 7 алтын, 4 күміс

2. Норвегия - 6 алтын, 3 күміс, 5 қола

3. Нидерланды - 5 алтын, 4 күміс, 1 қола

4. Швесия - 5 алтын, 2 күміс, 2 қола

5. Австрия - 4 алтын, 6 күміс, 4 қола

6. АҚШ - 4 алтын, 5 күміс, 1 қола

7. Қытай - 3 алтын, 3 күміс, 1 қола

8. Ресей - 2 алтын, 4 күміс, 6 қола

9. Италия - 2 алтын, 4 күміс, 4 қола

10. Жапония - 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 26-ға жетті.

Оның ішінде 19 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 22 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, төрт ел қола медальге қол жеткізген.

Өкінішке қарай Қазақстан қоржыны әзірге бос.