Бейжің Олимпиадасында бір күнде 55 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің Олимпиадасында күніне 55 covid-19 инфекциясын жұқтыру деректері анықталды, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, олимпиадада қатаң қауіпсіздік шаралары сақталады-роботтар дезинфекциялау заттарын себеді, барлық қатысушылар мен қызметкерлер күн сайын ПТР сынақтарынан өтеді, ал бармендер мен даяшылар бетперде мен қорғаныс киімдермен қызмет көрсетеді.
Австрияның Федералды кеңесі ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заңның қабылдануын мақұлдады. Заң жобасын қолдап 47 депутат, қарсы - 12 депутат дауыс берді. Енбі заңға Республика Президенті қол қоюы тиіс. 18 жастан асқан Австрия тұрғындары үшін міндетті вакцинацияны енгізу ақпан айына жоспарланған.
Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда — 298 408 жағдай, Германияда — 248 838 жағдай, Жапонияда — 96 845, Украинада — 43 778 жағдай, Чилиде — 37 468 және Оңтүстік Кореяда-27 443 жағдай.