Бейжің Олимпиадасының алауын жаққан ұйғыр қызы кім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатында, Қытайдың Шыңжаң провинциясынан келген ұйғыр спортшысы Дингар Ирамжанқызы қысқы Олимпиада ойындарының бас алауын тұтандырды.

Бейжің Олимпиадасының алауын жаққан ұйғыр қызы кім

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4-і күні кешке «Құс ұясында» Қытай ұлттық стадионының өтіп, соңғы алау эстафетасына барлығы жеті алау ұстаушы қатысты.

Олардың ішінде бас алауды жағуға жауапты соңғы қос алау ұстаушы – Шыңжаңдық ұйғыр спортшысы Дингар Ирамжанқызы мен қытай спортшысы Чжао Цзявэнь.


Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дингар Ирамжанқызы биыл 20-ға енді ғана толса да, тәжірибелі шаңғышы.

Дингар Ирамжанқызы Шыңжаңдағы Алтай қаласында туып-өскен. Әкесі Ирамжан кезінде Қытай ұлттық жарысында үшінші орынды жеңіп алған шаңғышы.

2009 жылы Ирамжан Алтайда 20 адамнан тұратын жастар шаңғы командасын құрса, оның қызы Дингар солардың бірі болды. Кезінде халықаралық жарыстарда мықты қарсыластармен бақ сынауды армандаған спортшы ретінде, Ирамжан қызы Дингарға бар білімін үйретті. Ал Дингар да әкесінің үмітін ақтады.

2019 жылдың желтоқсан айында Дингар Норвегияда өткен шаңғы жарысында жастар арасында бірінші орынды иеленді. 2021-2022 маусымында жас спортшы FIS шаңғы жарысы бойынша FIS ұпайлар сериясында да бірқатар бірінші жүлделерді жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Қытайда өткен көптеген отандық жарыстарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Динғардың үйінде оның әртүрлі іс-шараларда жеңіп алған медальдары ең көрнекті орынға қойылған, оны отбасы мақтан тұтады.


Биылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан шаңғы жарысында Дингар Ирамжанқызы өнер көрсетеді. Жас ұйғыр спортшысы Олимпиадада жақсы нәтиже күтетінін айтты.