Бейжің орталығындағы Габон елшілігі өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасының орталығындағы дипломатиялық ауданда орналасқан Габон Республикасының елшілігінде бейсенбі күні өрт болды.

Бейжің орталығындағы Габон елшілігі өртенді

Оқиға орнына оннан астам өрт машиналары жеткізіліп, қазіргі таңда тілсіз жау ауыздықталды. Өртті сөндіруге және адамдарды құтқаруға 120-ға жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ТАСС.

Өрт салдарынан дипломатиялық өкілдіктегі бас ғимараттың бірінші қабатындағы бірнеше кеңістіктер зардап шекті.

Габон елшілігі Бейжіңнің айтулы аудандарының бірінде - Чаоянда орналасқан. Бұл аумақта көптеген елдердің дипломатиялық өкілдіктері бар.  Оқиға орнына жақын жерде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығы, сондай-ақ АҚШ елшілігі резиденциясының бірі орналасқан.