«Бейжің - Париж 2010» атты аңызға айналған спорт жарысшылары Семей қаласынан кетті

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Григорий Марковец/ - Бүгін Семей қаласында «Бейжің - Париж» байырғы спорт жарысының қазақстандық кезеңі басталды. Жақында аты аңызға айналған автожарыстың қатысушылары Шығыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясының Алтай өңірінен келген болатын.
None
None

Қазақстан аумағы бойынша өтетін автожүгіріске Семей, Үшарал, Алматы және Шымкент қалалары кірген. Жарыс 37 күннен кейін Парижде мәресіне жетеді. Осы уақыт ішінде спортшылар Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия, Грекия және Италия елдері бойынша 15 мың шақырым жолды жүріп өтеді.

Автошоу Қытайда басталған болатын. Одан кейін қатысушылар алдында Моңғолия, Ресей елдері кездессе, енді кезек Қазақстанға келіп жетті.

«Бұл біздің жаһан бойынша бастан кешіретін шытырман оқиғамыз. Осы жылы ол қазақ даласында бір аптадай уақыт бойы өтеді. Ралли спорт түрінің мақсаты - жер жаһанға әлемдік автокөліктердің бренділерін таныстыру», - дейді Ұлыбритания спортшы Мэтью Фридман.

Соңғы жаңалықтар