«Бейжің-Париж» раллиіндегі апатқа ұйықтап кеткен жүргізуші себепкер болуы мүмкін.

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Тюмень маңында сәрсенбі күні кешке «Бейжің-Париж» раллиінің экипажы соқтығысып қалған автокөліктің жүргізушісі рульде ұйықтап кеткен болуы мүмкін, деп хабарлайды Би-Би-Си.

«Бейжің-Париж» раллиіндегі апатқа ұйықтап кеткен жүргізуші себепкер болуы мүмкін.

Ведомство мәліметтері бойынша, Volkswagen Polo жүргізушісі Сургуттен 11 маусымда кешке шыққан және демалмастан келесі күннің ортасына дейін жүріп отырған.

Сондай-ақ, бейсенбі күні, раллидің ұйымдастыру комитетінің Ұлыбританиядан келген 46 жастағы раллиге қатысушының жол-көлік оқиғасынан қаза табуына байланысты жарыс кезеңін өткізбеу жөнінде шешім қабылдағаны белгілі болды.

Апатта, сондай-ақ, Volkswagen жүргізушісі және оның үш айлық ұлы қаза тапты.

«Бейжің-Париж» раллиі алғаш рет әлемдегі бірінші трансконтиненталдық автожарыс ретінде 1907 жылы өткен.