Бейжің шенеуніктері өз қызмет шығыстарын жария етті
БЕЙЖІҢ. 22 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейсенбі, 21 шілде күні Бейжің үкіметі 2010 жылғы қызмет шығыстарының үш түрі бойынша есеп-қисапты жариялады.
Есеп қызмет іссапарларына, іскерлік қабылдауларды ұйымдастыруға және қызмет көліктерін сатып алуға кеткен шығыстарды қамтиды.
Бейжің үкіметі 2010 жылы аталған қызмет шығыстарының үш түріне бөлген қаражаттың жалпы сомасы 1,13 миллиард юанды (175 миллион АҚШ долларын) құраған. Оның 910 миллион юаны (140 миллионға жуық доллары) қызмет көліктерін сатып алу және оларды ұстау шығыстарын қамтыған.
ҚХР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, ал Қытай орталық үкіметінің 2010 жылы шетелдік іссапарларға, қабылдаулар мен қызмет көліктеріне кеткен шығысы 9,47 миллиард юанды (1,47 миллиардқа жуық долларды) құраған.