«Бейжің-Ыстамбұл» авиарейсінде жолаушы өзін нашар сезініп, ұшақ Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бейжің-Ыстамбұл» рейсімен келе жатқан Түріктің «Turkish Airlines» автокомпаниясының Boeing 777 ұшағы ішіндегі жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, ұшақ Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды.

  «Бейжің-Ыстамбұл» авиарейсінде  жолаушы өзін нашар сезініп, ұшақ Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды

«Шынымен, ұшақ бортында 33 жастағы ер адамның қан қысымы көтерілген. Ұшақ таңертеңгі сағат 4.45-те Астана әуежайына қонды, артынша жолаушы елордалық ауруханалардың біріне жатқызылып, ұшақ  рейсін одан әрі жалғастырды», - деді ҚазАқпаратқа Астана әуежайының баспасөз қызметінен.