Бейжіңде 1500-ге жуық қазақстандық сайлауға қатыса алады
«ҚХР-дағы ҚР Елшілігі жанында №257 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Біздің деректер бойынша, Бейжіңде 1500 қазақстандық сайлаушы бар. Олардың арасында студенттер, жақын маңда орналасқан қалалардағы әскери ЖОО курсанттары, дипломаттар, ұлттық компания өкілдері мен олардың отбасы мүшелері бар», - деді ол ҚазАқпарат тілшісінің қойған сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, сайлау учаскелері Шанхай (№294) және Гонконг (№293) қалаларындағы бас консулдықтар жанында да ашылады.
«Жеке шақыртумен, қызметтік, іскерлік және туристік сапарлармен Қытайға келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш берген жағдайда және ҚР азаматтығы туралы төлқұжаты болса, сайлаушылар тізіміне енгізіледі», - деп атап өтті Ш.Нұрышев.
Қазақстандық дипломат қытайлық журналистерге елдің алдағы сайлауға дайындығы, Мемлекет басшысы лауазымына үміткерлер жайлы, халықаралық бақылаушылар туралы қысқаша айтып берді.
Автор: Садық Әкежанов