Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жақындауында байланысты эпидқадағалау күшейтілді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжің қаласының билігі Қытайға коронавирус жұқтыру қаупі бар басқа аймақтардан келушілерге байланысты эпидемиологиялық қадағалау күшейтілетінін жариялады. Бұл туралы осы демалыс күндері қалада COVID-19 вирусының таралуына қарсы күрес бойынша қалалық әкімшіліктің басқару тобының баспасөз конференциясында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 қарашадан бастап, таяуда Қытайдың 21 провинциясында COVID-19 вирусының өршуіне байланысты Бейжіңге басқа аймақтардан келушілердің барлығы 48 сағат ішінде коронавирустың теріс қорытындысын көрсететін тест пен бейжіңдік жасыл түсті «Денсаулықтың QR-кодын» ұсынуы тиіс.
Сонымен қатар, келесі сәрсенбіден бастап 14 күннің ішінде коронавирус жұқтырудың бірнеше оқиғасы тіркелген аудан тұрғындарына Бейжіңге кіруге (немесе оралуға) қатаң тыйым салынған. Бұдан бөлек, Бейжің тұрғындарына құрлықтағы шекара өткелдері орналасқан аудандарға шығуға тыйым салынды.
Бейжің билігі эпидемияның алдын алу және қадағалау бойынша қатаң шаралар қабылдау 2022 жылдың 4-20 ақпан күндеріне жоспарланған қысқы Олимпиада ойындарын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.
Қала билігі жаңа эпидемиологиялық қадағалау шаралары аясында Бейжіңде қажетсіз кездесулердің барлығын өткізбеуді шешті. Өткен сенбіде Бейжіңде коронавирусқа шалдығудың бір оқиғасы анықталса, бүкіл құрлықтық Қытайда вирус жұқтырудың 47 оқиғасы тіркелген.