Бейжіңде 3D-принтингі арқылы тұрғын үй салынды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжің қаласының Тунчжоу қалалық округінде толықтай 3D-принтингі әдісімен салынған әлемдегі алғаш тұрғын үй бой көтерді, деп хабарлады «Жэньминьван».

  Бейжіңде 3D-принтингі арқылы  тұрғын үй  салынды (ФОТО)

Жеке 3D принтерінде басып шығарылған бөліктерді қосу арқылы салынған бұрынғы ғимараттардан ерекшелігі екі қабатты вилла толассыз құю арқылы салынды.

Ғимарат алаңы - 400 шаршы метр, қабырға қалыңдығы - 250 см. Әр қабаттың биіктігі 3 метр,  үй 45 күнде салынды. Құрылыс үдерісі толықтай компьютермен бақыланды.

Еске салсақ, 3D-принтері - сандық 3D-үлгісі бойынша жеке нысанды қабаттап салу әдісімен пайдаланылатын перифериялық құрылғы.

3D-баспаны түрлі тәсілмен, түрлі материалдарды пайдаланып жүзеге асыруға болады. Олардың негізіне қатты нысанды қабатты (өсіріп) салу қағидаты қолданылады.