Бейжіңде 99 млн жыл бұрынғы балапан көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР және АҚШ палеонтологтар тобы қытай астанасында шамамен 99 млн жыл бұрын  кәріптаспен қатырылған тарихқа дейінгі кезеңдегі балапанды алғаш рет көрсетті. Бұл туралы SINA ақпараттық порталы хабарлады.

 Бейжіңде 99 млн жыл бұрынғы балапан көрсетілді

null
Ежелгі құстың бірегей үлгісі 2016 жылы Мяньманың оңтүстігінде табылды, алайда оның уақытын анықтау үшін ғалымдар айлап еңбек етті. Балапанның ұзындығы 6 мм, шайыр қабаты арқылы оның басы, мойны, қанаты, аяқтары, құйрығы, жұмсақ тіндері - терісі мен қауырсынын көруге болады.

 «Бізге тарихқа дейінгі қанаттыларды зерттеудің аса сирек мүмкіндігі бұйырды. Әрі   құстың құлақ тесігі, көзі, аяғындағы қабыршағы да жақсы сақталған», - деп түсіндірді журналистерге қазылған үлгінің құндылығын Лос-Анджелестегі жаратылыс тарихы мұражайының қызметкері Луис Чиаппе.
null

Америкалық ғалымның айтуынша, құс бірнеше апталық кезінде кәріптас шайырына батып қалған.