Бейжіңде A/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаның өндірісі басталды

БЕЙЖІҢ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бейжіңдік «Кэсин» компаниясы A/H1N1 тұмауы вирусына қарсы вакцина өндірісіне кірісті.

Бейжіңде  A/H1N1 тұмауына қарсы  вакцинаның өндірісі басталды
ҚазАқпарат тілшісінің Қытайдың Халықаралық радиосына сілтеме жасап хабарлауынша, вакцина ауруханаларға шілде айының соңына қарай түсе бастайды. Вакцина өндірісі үшін фармацевтикалық компания маусымның 8-інде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан вирус штаммын алды. Препараттың тиімділігін арттыру үшін компания басқа мамандандырылған компаниялармен бірлесіп жұмыс жүргізбек. Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі болса, бүгінгі күнгі жағдай бойынша Қытайда A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 226 оқиғасы тіркелгенін хабарлады. 86 адам жазылып, ауруханадан шықса, 140 адам әлі емделіп жатыр.