Бейжіңде ауаның ластануы қалыпты деңгейден 20 есе артық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің экологиялық мониторингі орталығының мәліметтеріне сәйкес, Қытай астанасының ауасында денсаулық үшін қауіпті қатты бөлшектердің құрамы бір текше метрг шаққанда 500-ге жуық микрограмды құраған.

Бейжіңде ауаның ластануы қалыпты деңгейден 20 есе артық

Росбалттың атап өтуінше, бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан 20 есе артық болып отыр.

Қалада шаң-тозаңнан жол көрінбейді. Билік қала тұрғындарына көшеге шықпай, тыныс жолдарын қорғауға арналған арнайы маскаларды қолдануды сұрайды.