Бейжіңде баскетболдан Азия фестивалі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Бейжіңде өтіп жатқан Азия фестивалінде Қазақстан құрамасы үндістандық спортшылардан басым түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Виталий Стребковтан тәлім алған қазақстандықтар Үндістан құрамысынан 76:73 және 93:56 есебімен басым түсті. Бүгін олар Катар құрамасымен сайысқа түсуде. Тайвандағы Джонс кубогында катарлықтар төртінші, ал қазақстандықтар 6-шы орын алған болатын. Тамыздың 1-і күні басталған бұл жарыс ұлттық құрама үшін Азия чемпионатына дайындықтың бір сатысы ретінде қарастырылып отыр. Биылғы Азия чемпионаты тамыздың 6-16 күндері аспан асты елінің Кьянжин қаласында өтеді.