Бейжіңде бір аптаның ішінде А/H1N1 тұмауын жұқтырудың 33 оқиғасы тіркелді

БЕЙЖІҢ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - 10-16 қаңтар аралығында Қытай елордасында А/H1N1 тұмауымен ауырудың 33 оқиғасы тіркелген.
None
None

Бұл туралы бейсенбі күні Бейжің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Бейжің денсаулық сақтау ведомствосы ақпан айында атап өтілетін Көктем мерекесіне - Ай күнтізбесі бойынша Қытай Жаңа жылына байланысты А/H1N1 тұмауын жұқтыру оқиғаларының көбею ықтималдығы туралы ескертіп отыр. Бұл мереке кезінде қытайлықтардың дені, негізінен ауылды жерде тұратын мигрант-жұмысшылар, студенттер, мерекені отбасыларда қарсы алу үшін үйлеріне барады.

Аурулардың алдын алу және олардың ошақтарын бақылау жөніндегі Бейжің орталығының басшысы Дэн Инның айтуынша, айдың басынан бері, яғни 1 қаңтар мен 16 қаңтардың аралығында Бейжіңде А/H1N1 тұмауының 51 оқиғасы тіркелген. Олардың біреуі - ауыр жағдайда, дегенмен әзірге адам өлімі тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар