Бейжіңде бір күн ішінде 2000 жол апаты тіркелді
БЕЙЖІҢ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт бұзылуы кешегі күні Бейжіңде көптеген жол-көлік апаттарының тіркелуіне себеп болды.
Қалада жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ болып, нәтижесінде екі мыңға жуық көлік соқтығысты.
Жол-көлік апаттың салдарынан қатарынан 10-нан астам көлік соқтығысқан «Цзиньпин» жолында екі адам мерт болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Ең көп жол-көлік апаты Бейжіңнің солтүстік-шығысында орын алды, онда 100-ден аса көлік соқтығысқан.