Бейжіңде бірегей күн электрстансысының құрылысы басталады

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мәдина Мейірім/ - Наурыз айында Бейжің қаласының маңында қуаты 1,5 мегаватты құрайтын және ең аз дегенде 30 мың үйді энергиямен қамтамасыз ете алатын бірегей күн электрстансысының құрылысы басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі China Daily басылымына сілтеме жасап. Құны 100 миллион юань (1 доллар 6,8 юаньға тең) тұратын эксперименттік жылу-электрстансысының жобасы Қытайдың Ғылым академиясының, «Цзяотун» Сиан университетінің, Huadian Corp, және Himin Solar Group компанияларының қатысуымен жасалып отыр. Электрстансысы 2010 жылы іске қосылады. Ол жылына 2,7 миллион кВт/сағатқа дейін энергия өндіретін болады, бұл ілкі жоба қытай елордасында зиянды көмірқышқыл газының шығарылымын 2 300 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Егер сынақ табысты өтсе, Қытай өз күн электрстансыларының қуатын қысқа мерзімнің ішінде 10 мегаватқа арттырмақ. Қытайдың бас жоспарлаушы органы - Реформалар мен даму жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпараты бойынша, Қытай Халық Республикасы 2015 жылға қарай осындай стансылардың көмегімен 150 мВт-ға дейін электр қуатын өндіруді көздеп отыр.
Соңғы жаңалықтар