Бейжіңде бірінші Бүкіләлемдік жауынгерлік шеберлік ойындарының жабылуы болды

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде бірінші Бүкіләлемдік жауынгерлік шеберлік ойындарының жабылуы болды. Бұл 2008 жылы Бейжіңде өткізілген Олимпиада ойындарынан кейін ұйымдастырылып отырған ең ауқымды жоғары деңгейдегі халықаралық спорттық іс-шара болып отыр. Сегіз күнге жалғасқан жарысқа әлемнің 105 елі мен аймақтарынан келген 2059 адам қатысты.
None
None

Ресейден келген команда қоржынына 18 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль сала отырып, рейтингіде алғашқы орынға шықты. Екінші орынды Қытайдың құрама командасы еншіледі. Украина, Франция, Италия, Жапония командалары үшінші мен алтыншы орын аралығында тұр. Бәйге барысында жалпы саны 378 медаль, соның ішінде 13 жауынгерлік шеберлік бойынша 118 алтын медаль ойнатылды, медаль сандары бойынша рейтингіге 64 команда тізілді. Қазақстан 24-орынға ие болды. Біздің құраманың қалтасында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар.

Екінші Бүкіләлемдік жауынгерлік шеберлік ойындары 2013 жылы өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар