Бейжіңде бұқаралық ақпарат құралдарының дүниежүзілік форумы өтуде

БЕЙЖІҢ.  Қазанның  9-ы.  ҚазАқпарат /Руслан  Сүлейменов/  -  Бейсенбі күні   Бейжіңде    әлемдік  бұқаралық ақпарат  құралдарының  қатысуымен  Дүниежүзілік медиа-форум  өз жұмысын  бастады. 

Бейжіңде   бұқаралық ақпарат  құралдарының    дүниежүзілік  форумы   өтуде

Ұйымдастырушылардың  айтуынша,    бұл форумға    әлемнің 70-тен  астам елінен  130-дай жетекші     бұқаралық ақпарат  құралдары  қатысуда,  оның ішінде  9 медиа-корпорация,   62 ақпараттық агенттік,  30 теле және   радиохабарлар тарату компаниялары бар.

 Форум барысында  ынтымақтастық мәселелері   мен      қазіргі замандағы  әлемдік  бұқаралық ақпарат  құралдарының      мүмкіндіктері      талқыланады.   Оған қоса,    әлемдік   БАҚ  басшылары    ағымдағы жағдайға  талдау  жасап,        халықаралық    қаржылық  дағдарыс  кезеңінде   медиа-компаниялардың алдарында тұрған  бірқатар  маңызды мәселелерді  талқылайды,  сондай-ақ әлемдік   бұқаралық  бұқаралық ақпарат    құралдары  индустриясының даму  үдерістерін бағалайды.