Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейжіңде экологиялық полиция құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің билігі көк түтінмен күресуге бағытталған жаңа экологиялық полицияны құрды.

Бейжіңде экологиялық полиция құрылды

Бұл туралы The Telegraph агенттігі хабарлады.

Жаңа құрылымның міндетіне қоқысты, ағашты, сондай-ақ биоматериалдарды заңсыз жағу оқиғаларын бақылау кіреді. Онымен қоса, экологиялық полицейлер ашық аспан астында барбекю дайындамақ болғандардың әрекетін кесетін болады.

Іenta.ru-дың жазуынша, Қытайда соңғы жылдары экологиялық ахуал күрт күрделене түсті. Ауаға өнеркәсіптік шығарындылар қоспаларының тым көп лақтырылуынан қала жиі қою түтін құрсауында қалады.

Қаңтар айының басында Бейжіңде ауаның ластануының екінші - «сарғылт» деңгейі енгізілді. Осыған байланысты, қаланың жоғары жылдамдықты алты күре жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ бірқатар құрылыс нысандары мен кәсіпорындарда жұмыстар уақытша тоқтатылды.

 

Фото: Liga.net