Бейжіңде елші әйелдер «тұсаукесер» рәсімін өткізді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы ҚР Елшілігі Наурыз мейрамы қарсаңында Бейжіңде аккредиттелген елші әйелдер мен дипломатиялық өкілдік басшыларының әйелдеріне арналған қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

ҚХР-дағы ҚР Елшісінің жұбайы Әлия Нұрышева қонақтарға көктемгі Наурыз мерекесінің тарихы мен мән-мағынасын айтып берді. Қонақтар Қазақстан және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы фильмдерді тамашалап, көшпенділер тіршілігімен таныс болды, қазақтың «тұсаукесер»  дәстүрін көрді.

ҚХР-дағы Қырғызстан елшісі Қанайым Бақтығұлова, Қытайдағы Түркіменстан елшісі Чинар Рустамова және Әлия Нұрышева кішкентай Алан, Ералы және Ерсұлтандардың тұсауын кесті. Шараға жиналғандар рәсімді үлкен қызығушылықпен бақылады.

Мереке қонақтары Қазақстан туралы фотокөрме мен Орталық Азия елдерінің материалдық және рухани заттары бейнеленген стендтерді қарап шықты. Наурыз көже, бауырсақ, манты, палау секілді Қазақстан, Түркіменстан және өзге де орталықазиялық республикалардың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

«Бәрін жақсы ойластырған, таныстырды, көрсетті. Менің ойымша, бүгін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әйелдер Қазақстан мен онда өтетін ЭКСПО көрмесі жайлы біраз мағлұматпен танысты. Наурыз көжеден дәм татқан қонақтар қазақ тағамдарына тәнті болды», - деді Қытайдағы Литва елшісі Инна Марчулионитэ.

Қытайдағы Суринам республикасы елшісінің жұбайы Оливера Пинас біраз жылдан бері қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып жүргенін, жақын арада күйеуімен Қазақстанға баруға дайындалып жүргенін жеткізді. 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар