Бейжіңде энергетикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Қытай ішкі комитетінің бұрынғы тең төрағасын соттады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дың даму және реформалар бойынша мемлекеттік комитеті жетекшісінің орынбасары Лю Тенань өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.
None
None

60 жастағы бұрынғы жоғары қызметтегі шенеунік 2002-2012 жылдар аралығындағы кезеңде 35,5 млн. юань көлемінде пара алғаны үшін айыпты деп танылды.

Лю Тенаньді қызметінен босату туралы шешім өткен жылы танымал қаржылық «Цайцзин» басылымындағы жарияланымнан кейін қабылданды. Онда оның қызметтік бабын отбасының пайдасына асырғандығы туралы материал жарияланған.

Лю Тенань даму мен реформалар бойынша мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары қызметіне 2008 жылы тағайындалды. 2010 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың наурызына дейін ол ҚХР мемлекеттік энергетикалық басқармасын басқарды.

Сонымен бірге, ол ҚР-мен энергетикалық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге қатысты, энергетика саласында ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Қытай подкомитетінің 5-отырысына тең төрағалық етті.

Соңғы жаңалықтар