Бейжіңде халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы ашылды

Елдің барлық аудандарынан келген депутаттар Бейжіңге ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның үкіметтің өткен жыл бойынша жұмысы, Қытайдың 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары мен бюджеті туралы мәлімдемесін, Жоғарғы халықтық соты мен Жоғарғы халықтық прокуратурасының есептерін тыңдап, бекіту үшін келді.
Сессияның ашылуында қытайлық премьер үкіметтің 2011 жыл бойынша жұмыстарының қорытындыларын айтып өтті. Атап айтқанда, ол ЖІӨ-нің 47,2 трлн. юаньге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға артқанын, қоғамдық қаржылық табыс 10,37 трлн. юаньға жетіп, 24,8 пайызға өскенін, астықты өндіру көлемі 570 млн. тоннаға дейін жоғарылағандығын, қалалардағы жұмысқа орналастырылғандардың саны 12,21 млн. адамға жеткенін, қала және ауыл тұрғындарының орташа жиынтық табысы сәйкесінше 8,4 және 11,4 пайызға көбейгенін хабарлады.
Вэнь Цзябаоның басшылығымен жұмыс істеп жатқан үкіметтің қазіргі құрамы соңғы жыл істеп жатқанын атап өту керек.