Бейжіңде халықаралық футбол турнирі болып өтті

БЕЙЖІҢ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде ZTE қытайлық телекоммуникация компаниясының жүлдесі үшін халықаралық футбол турнирі болып өтті.
None
None

Өткен жексенбі күні ұйымдастырылған сайысқа Қытайдың мемлекеттік компанияларының, ҚКП Орталық Комитетінің, сонымен қатар ҚХР-да тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің командалары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан елшілігінің құрама командасы да бар.

Тартысты бәсекеде Қазақстан елшілігінің командасы екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Оңтүстік Африка елшілігінің құрамасы иеленді. Барлық командалар кубоктармен, медальдармен және өзге де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар