Бейжіңде II Қазақстан-Қытай туристер форумы өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 5 маусым күні II Қазақстан-Қытай туристер форумы өтіп, оған шамамен 400-ге жуық өкіл қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.
Шараны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қытай туристік қауымдастығының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм істері жөніндегі ҚХР мемлекеттік басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстанның жетекші туристік ұйымдарынан 60 астам өкіл, сондай-ақ Қытайлық туристік компаниялар атынан 300-ге жуық адам қатысты.
«Осы форум Қазақстандағы Қытайдың туризм жылына орай өткізіліп отыр. Қытай саяхатқа шығатын адамда саны бойынша әлемде көшбастап келеді. Қазіргі кезде біз қытай туристтерінің Қазақстанға келуі үшін тиісті жағдайларды жасауда», - деді форумның ашылуда сөз сөйлеген Қазақстан Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов.
Еске сала кетейік, I Қазақстан-Қытай туристер форумы 2016 жылы 28 қыркүйекте Астанада өткізілген болатын.