Бейжіңде қазақстандықтардың дені «Нұр Отанға» дауыс берді

БЕЙЖІҢ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде қазақстандықтардың дені өздерінің дауыстарын басқарушы партия - «Нұр Отанға» берді.

Бейжіңде қазақстандықтардың дені «Нұр Отанға» дауыс берді

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, ҚР-ның ҚХР-ғы Елшілігінің консулы Қызыбек Сәрсембеков ҚазАқпаратқа хабарлағандай, № 135-інші сайлау учаскесінде 330 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың жалпы тізімінің 81,48 пайызын құрады.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына өз дауыстарын сайлаушылардың 82,12 пайызы, «Ақжолға» - 6,96, Қазақстанның Коммунистік халық партиясына - 4,24, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 2,72, Қазақстан патриоттары партиясына - 2,12, «Әділет» демократиялық партиясына - 1,21 және Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясына - 0,61 пайызы берді.

Бейжіңдегі дауыс беру учаскесінің сайлау комиссиясының мүшелері қазақстандық азаматтардың ҚР Парламент Мәжілісі депуттатарының сайлауына үлкен қызығушылық танытқандықтарын атап өтті. 

 «Қазақстан азаматтары өздерінің елдерінде болып жатқан сайлауға қатысуға берілген мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдірді», - деп атап өтті Қ.Сәрсембеков.

Жалпы алганда Бейжің қаласындағы № 135-інші сайлау учаскесінде ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау әсерлі, сайлаушылардың жоғары белсенділігімен өтті. Дауыс беруге алғаш рет қатысқан ҚР азаматтарына естелік кәдесыйлар мен кітаптар тарту етілді.