Бейжіңде ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің сессиясы өтті

БЕЙЖІҢ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Халық жиналыстары үйінде 12-ші шақырылған ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің сессиясы өтті.

Бейжіңде ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің сессиясы өтті

ҚХР-дің мемлекеттік әнұраны ойналғаннан кейін Қытай көппартиялы ынтымақтастық және саяси консультациялар жоғары органының 2 206 делегаты «консультативтік» жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына елдің жоғары партиялық және мемлекеттік басшылығы қатысты.

Қытайдың жоғары консультативтік органының ағымдағы сессиясы оған қытайлық кино және спорт жұлдыздарының қатысуымен қоғамдастық пен БАҚ-тың назарын аудартуда. Олардың арасында Голливудтың танымал актері Джеки Чан, «Хьюстон рокетс» (НБА) баскетбол командасының бұрынғы мүшесі, Қытайдың ең дәулетті спортшыларының бірі Яо Мин, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты, жазушы Мо Янь бар.

3 мыңнан астам қытайлық және шетелдік БАҚ Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің және Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының сессиясынан ақпарат тарату үшін аккредитацияланды.
Қытайдың жоғары консультативтік органының сессиясы елдің басты іс-шарасының - 5 наурыз күні өтетін Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы қарсаңында ашылды. Қытай парламентінің ағымдағы сессиясы барысында ҚХР-дың жаңа басшылығы таңдалады және орталық халықтық басқарудың жаңа құрамы жасақталады.

Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесі қытай халқының біртұтас патриоттық фронтының ұйымы болып табылады. Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесі «саяси консультациялар, демократиялық бақылау және мемлекеттік істерді талқылауға қатысу» функцияларын атқарады.

Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесін Бүкілқытайлық комитет пен жергілікті атқарушы органдар тағайындайды. Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің мүшелері Қытай Компартиясының, демократиялық партиялардың, партиясыз, халықтық ұйымдардың өкілдері, Сянган Арнайы әкімшілік ауданында, Аомэньде және Тайваньда тұратын отандастардың, рэмигранттардың өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған тұлғалар болып табылады.

Әрбір «көппартиялы ынтымақтастық және саяси консультациялар» органының уәкілеттік мерзімі - 5 жыл. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің 11-ші шақырылымы өз жұмысын аяқтады. Оның төрағасы Цзя Цинлинь болып табылады.