Бейжіңде ҚСЗИ мен ҚҚҒА қатысуымен екінші Қазақстан-Қытай сарапшылар форумы өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде Ерлан Қарин бастаған Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Ли Юнцюань басқаратын Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы делегацияларының қатысуымен екінші Қазақстан-Қытай сарапшылар форумы өтті.
«Менің ойымша, қазақстандық сарапшылар қытайлық әріптестерінің идеялары мен теорияларына терең үңіліп, белсенді қызығушылық танытуы керек. Ұзақ уақыт бойы біз Қытайды, шетелдік ғалымдар позициясы арқылы оның саясатын зерттедік, сондықтан бізге жиі әрі белсенді кездесіп тұру керек», - деді өз сөзінде Е.Қарин.
Ол форум қатысушыларына КСҒИ әзірлеген «Орталық Азия-2020: төрт стратегиялық тұжырым» баяндамасын дайындау әдістемесін және оның мазмұнын айтып түсіндірді. Е.Қариннің сөзі қытайлық сарапшылардың қызығушылығын оятты, олар спикерге көптеген сұрақ қойып, аймақтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері жайлы өз пікірлерін білдірді.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың G20 саммитіне орай, Қытайға сапары қарсаңында өтуі де атап өтуге тұрарлық. «Орталық Азиядағы жағдайдың даму тенденциясын ҚСҒИ көре алуы, аймақтағы лаңкестік мәселелерін ұғындыру тәсілі біздің қызметкерлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде және біздің «басты орталықтар» арасындағы ынтымақтастық та белсенді әрі жемісті дамуы керек», - деді қазақстандық журналистерге сұхбат берген РШЕОА ҚҚҒА директоры Ли Юнцюань.
Айта кетейік, бірінші Қазақстан-Қытай сарапшылар форумы 2015 жылы 16 қыркүйекте Астана қаласында ҚСҒИ қолдауымен өтті. Қытайлық тараптан Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясы негізгі серіктес болды.