Бейжіңде Қытай ұлттық кітапханасының ғасырлық мерейтойы атап өтілуде
БЕЙЖІҢ . Қыркүйектің 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Ұлттық кітапханасы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Қытайдың ұлттық кітапханасын Цин әулетінің (1644-1911) соңғы императоры Пу И 1909 жылы қыркүйекте құрды. Бүгінде оның көлемі 250 мың шаршыметрді алып жатыр. Ол Вашингтондағы Конгресс кітапханасы мен Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасынан кейін әлемде үшінші орын алады. Ал кітапхана коллекциясы жөнінен әлемде бесінші орынға шығып отыр. 2008 жылы оның қорында 26 миллион томнан астам кітап болды.
Кітапханада жануарлардың сүйектеріне жазылған сирек жәдігерлер, Цзинь әулетінің Дуньхуан, Чжаочэнь, Трипитака қолжазбалары, әдебиеттердің төрт тармақтарының толық кітапханасы сақталған.
Алайда соңғы жылдарда Қытайда оқырмандар саны азайып келеді. Атап айтқанда, 1999 жылғы 60,4 пайыздан, 2001 жылы - 54,2 пайызға, 2003 жылы - 51,7 пайызға, 2005-2007 жылдары - 48 пайызға дейін қысқарды. Көптеген адамдар Интернетті және электрондық кітаптарды пайдаланады. Сондықтан да кітапханада озат технологиялар белсені қолданылуда. Ұлттық кітапхана жасаған 10 мыңнан астам электрондық кітаптарды қараумен қатар, оқырмандар ұялы телефондар және кәбілдік теледидар арқылы кітап мазмұнын көре алады.
Қытай ұлттық кітапханасының жаңа ғимаратында оқырмандар залы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған залдар, конференц-залдар орналасқан. Кітапханаға келушілер үшін дәмхана, музыкалық зал, кинотеатр және кітап дүкені көзделген.