18:25, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Бейжіңде метрода өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің метросында әуежай бағытындағы желіде өрт шықты. Бұл туралы Сина жаңалықтар порталы хабарлады.

Оның деректеріне сүйенсек, жалын вагондардың бірінің төбесінде тұтанған. Тілсіз жау жедел ауыздықталды. Пойыздан 115 жолаушы дер уақытында көшірілді, зардап шеккендер жоқ.
Қазір Бейжің метросында әуежай бағытына қозғалыс толықтай тоқтатылды. Полиция оқиғаның себеп-салдарын тергеу үстінде.