Бейжіңде Наурыз мейрамының құрметіне студенттік серуен өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңдегі Олимпиада саябағында Орталық Азия елдерінің студенттері бірлесіп Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Студенттік серуенге Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да елдерден 200 адам қатысты.

Жастар Наурыз мерекесі дәстүріне қатысты викториналар өткізіп, ән шырқап, ұлттық би билеп, ұлттық аспаптарда ойнаған.

Бауырсақ, шелпек басқа да тәттілерден дастархан жайылған.

Іс-шараны Қытайдағы Қазақстан студенттер қауымдастығы (KSAC) Қырғызстан және Өзбекстан ұйымдарының студенттерімен бірлесіп ұйымдастырған.

«Біз Наурызды бірлесіп, түрлі конкурстар өткізіп, ән айтып, би билеп, тойлағымыз келді. Біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Жастар лигасындамыз», - деді шараның ұйымдастырушылары - Бейжіңдегі KSAC төрағасы Нұрали Ирсалиев, Өзбекстан студенті Ойзода Аминова және қырғызстан студенті Артыкбаев Бекетай «ҚазАқпарат» ХАА-ға берген сұхбатында.