Бейжіңде нөсер жаңбыр құйып тұр

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытай астанасында жексенбі күні сағат 18: 00-ден бастап нөсер жаңбыр құйып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бейжіңде нөсер жаңбыр құйып тұр

Қалалық су тасқынына қарсы штабтың хабарлауынша, жексенбі күнгі сағат 18: 00-ден бері Бейжіңде орташа жауын-шашын мөлшері 65,9 мм болған. Ал қытай астанасының қалалық аудандарында орташа есеппен 79,9 мм жеткен.

Бейжіңнің 203 метеорологиялық орталығында 50 мм-ден астам жауын-шашын тіркелді, 43 метеорологиялық орталықта оның мөлшері 70 мм-ден асқан.

Сонымен қатар, Фаншан, Ментугу, Чанпин, Хайдиан, Шицзиншань, Яньцин және Хуайру аудандарында соққан желдің жылдамдығы 24,4 м/с жетті.

Астаналық су тасқынына қарсы штаб қаланың негізгі көпірі мен жол нысандарының қауіпсіздігін тексеру үшін 2 906 қызметкер жіберілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта нөсер жаңбырға байланысты Бейжіңге 57 сорғы станциясы тартылды, олардың көмегімен 140 мың текше метр су сорылды.

Синоптиктер дүйсенбі күні де жаңбыр толассыз жауып, ол тек сейсенбіге қараған түні тоқтайды деп болжап отыр.

Қала әкімшілігі жаңбыр салдарынан болатын найзағай, дауыл және геологиялық қауіптер туралы ескерту жасады.