Бейжіңде өрт салдарынан 12 адам ажал құшты, 4 адам жарақаттанды
БЕЙЖІҢ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бейжіңде Чаоян ауданындағы қоймалардың бірінде болған өрттен 12 адам құрбан болды, 4 адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті полициядан.
Өрт Чаоян ауданында сейсенбі, 19 қараша күні жергілікті уақыт бойынша 20:30 кезінде орын алды. 500 шаршы метр жер отқа оранды. Тілсіз жау сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні тоқтатылды. Салдарынан 12 адам қаза болды, тағы төрт адам жарақаттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 14 адамды аман алып қалды.
Қойманың иелері өрттің шығу себебін анықтау үшін ұсталды.