Бейжіңде петарданың жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақаттанды

БЕЙЖІҢ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен бейсенбі күні Бейжіңде ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау кезінде петарданы байқаусыз пайдалану салдарынан екі адам қаза тауып,
None
None

200-ден астам адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Полицияның хабарлауынша, қаза тапқан екі ер азамат контрафактілі петарданы пайдаланған. Қытай астанасының дәрігерлік мекемелеріне бет бөлігін күйік шалып жеткізілген зардап шеккендердің ширектен астамын балалар құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар