Бейжіңде ШЫҰ Елшілері клубының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 8 сәуірінде Бейжің қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Елшілері клубының үшінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды ШЫҰ Хатшылығының баспасөз қызметінен.

Бейжіңде ШЫҰ Елшілері клубының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында қатысушылар мүше мемлекеттердің Ұйым аясында өзара ықпалдасуының маңызды мәселелерін, атап айтқанда, 2016 жылдың маусым айында Өзбекстан Республикасының астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне дайындықты талқылады.

ШЫҰ-ның Бас хатшысы Р.Әлімов отырыс қатысушыларын мерейтойлық саммиттің қарсаңында Бейжің, Шанхай, Душанбе және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа қалаларында өтетін және Ұйымның құрылғанына 15 жыл толуына арналған басты шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырды.

Елшілер клубының отырысына алғаш рет Тәжікстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Парвиз Давлатзода қатысты.