Бейжіңде жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен автокөлік 5 адамды опат қылды
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Бейжіңде Тяньаньмэнь аланыңда автокөлік жүргізуші бөліктен жаяу жүргіншілер аймағына шығып кетіп, қалың топқа келіп соқтығысып, өртене бастады, деп хабарлайды РБК.
Reuters хабарлағандай, апат салдарынан бес адам қаза тауып, он адам зардап шекті.
Оқиға алаңның солтүстік бөлігінде - туристердің дәстүрлі түрде баратын жерінде орын алды. Қаза тапқандар қатарында көлікте отырған үш адам, сондай-ақ, Филиппин турисі және Гуандун Қытай провинциясының турисі бар. Жарақаттанған 38 адамның арасында Филиппин және Жапониядан келген туристер бар.
Елдің СІМ өкілі болған оқиға кезейсоқ па әлде лаңкестік шабуыл ма, оны нақтылаудан бас тартты. Кейбір көрген адамдардың сөзіне қарағанда, соқтығыс соңынан жарылыс орын алған.
Қайғылы оқиға болған жерге медицина қызметкерлері мен құтқарушылар дереу келіп жеткен. Алаңға баратын көше белгілі бір уақытқа қоршалып, адамдардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылған. Тергеу жүргізілуде.