Бейжіңдегі 30 -дан астам университет әл-ауқаты төмен студенттерге ұялы телефон таратты

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Биыл Бейжіңдегі 30- дан астам жоғары оқу орны жаңадан қабылданған әл-ауқаты төмен студенттерге ұялы телефон таратты.

Бейжіңдегі 30 -дан астам университет әл-ауқаты  төмен студенттерге ұялы телефон таратты

Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың «Халық газеті» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір жаңа студенттер қабылданып жатқан жоғары оқу орындарынан Бейжің университеті, Шинхуа университеті, Халық университеті, Ауыл шаруашылық университеті, Экономика-сауда университеті сияқты жоғары оқу орындары жағдайы төмен студенттерге тегін ұялы телефон таратып, материалдық тұрғыдан көмек көрсетті.