18:16, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бейжіңдегі госпитальде құс тұмауы деген күдікпен түскен әйел көз жұмды
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамедов/ - Бүгін Бейжіңдегі госпитальде құс тұмауы деген күдікпен түскен әйел көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытай астанасының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Бейжіңдік дәрігерлер жария еткен хабарда оңтүстікқытайлық провинцияда туған Фуцзян желтоқсанның 19-ында құрбыларымен бірге Бейжің маңындағы Хэбэй провинциясындағы базарлардың бірінен 9 үйрек сатып алғаны атап өтілген. Бұл әйел оның 6-уын өзі жылытып жеп, қалған үшеуін әкесіне, ағасына және құрбысына берген. Сырқатпен байланыста болған 116 адам бақылауға алынды, оның 14-і туыстары мен көршілері, 102-сі медицина қызметкерлері. Соның нәтижесінде 1 медбике жоғары дене қызуымен ауруханаға түсті. Бейжің қаласының денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және Гонконг пен Макаодағы әріптестеріне хабарлады. Бейжіңде құс тұмауының таралуын болдырмау шаралары басталды.