Бейжіңдегі сайлау учаскесіне адамдардың келуі 73,4 пайызды құрады

БЕЙЖІҢ. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңдегі ҚР дипломатиялық миссиясындағы сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері 4 сәуірде сағат 01.00 кезінде шығарылды.

Бейжіңдегі сайлау учаскесіне адамдардың келуі 73,4 пайызды құрады

Бұл жерде сонымен қатар көшпелі отырыс өткізілген Шанхай мен Гонконгтың бюллетеньдері салынған жәшіктер де ашылды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің консулы Қазбек Сәрсембековтың айтуынша, №135-ші сайлау учаскесінде тіркелген 2 672 сайлаушының 73,4 пайызы дауыс берді. Елбасы Н.Назарбаев үшін дауыстарын 96,8 пайыз сайлаушы, Ғ.Қасымов үшін - 2,14 пайыз, М.Елеусізов үшін - 0,66 пайыз, Ж.Ахметбеков үшін - 0,4 пайыз дауыс берді.