Бейжіңдегі сайлау учаскесінің жабылуына 5 минут қалғанда «Da Gudda Jazz» әншілері дауыс берді (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жергілікті уақытпен сағат 20.00 (Астана уақытымен сағат 18.00) Қытайда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру аяқталды.

 Бейжіңдегі сайлау учаскесінің жабылуына  5 минут қалғанда «Da Gudda Jazz» әншілері дауыс берді (ФОТО)

Сағат 19.55-де сайлау учаскесіне Қазақстанда белгілі «Da Gudda Jazz» хип-хоп тобының әншілері Олжас Нұртазин (Краим Волшебник) және Артем Королев (Карабин) келді.

«Алматыда тұрамыз, әлемді шарлап жүреміз: Ресей, Украина, Қырғызстан, Эстония, Латвия, Малайзияда болдық. Бейжіңге үшінші рет келдік. Бұл жолы Шанхайда өнер көрсеттік, келесі күні Бейжіңде екі концерт бердік. Сайлауда дауыс беру мүмкіндігінің бар екенін біліп, оны пайдалануды шештік», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, «Da Gudda Jazz» өнеріне табынушылардың саны 700 мың адамнан асады.

«Жергілікті уақытпен сағат 20.00 біздің №207 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Нәтиже Орталық сайлау комиссиясына жөнелтіледі», - деді қазақстандық журналисттерге берген сұхбатында №207 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Манарбек Қабазиев.

Ол сайлаушылар, соның ішінде студенттер дауыс беруде белсенділік танытқанын атап өтті.
null null null null null