Бейжіңді қою тұман басып тұр: Зауыттар тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің билігі дүйсенбіде қытай астанасында шаң-тозаң, түтін салдарынан алғаш рет қауіптіліктің «қызыл» деңгейін жариялап, шұғыл шаралар қабылдауда.

Бейжіңді қою тұман басып тұр: Зауыттар тоқтатылды

Көптеген зауыттар мен фабрикалар уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары бірнеше күнге кейінге шегерілді. Полиция жолдардағы көлік санын реттеуде. Көліктер күндегіге қарағанда, екі есе аз болуы шарт.

Сондай-ақ қаладағы мектептер жабылды, деп хабарлайды Би-би-си.