Бейжіңнің орталығында тағы бір адам өлтіру қылмысы жасалды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің орталығының Чаоян ауданында асүй пышағымен қаруланған ер адам бір адамды өлтіріп, тағы бірнешеуін жарақаттады.
Полицияның қылмыскерді ұстау кезінде ол қарсылық танытқан соң қару қолдануына тура келді. Ұсталған Сун есімді 29 жастағы азамат ҚХР солтүстік шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының тумасы болып шықты. Жарақаттанған адамдар ауруханаға жеткізілген. Ер адамның мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.