Бейжіңнің орталық алаңында Қытай Халық Республикасының құрылуының 60 жылдығына арналған әскери парад аяқталды

p;  Қазанның   1-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңдегі  орталық Тяньаньмэнь  алаңында   Қытай Халық Республикасының   құрылуының   60 жылдығына арналған   әскери парад  аяқталды. 

 Бейжіңнің  орталық алаңында   Қытай Халық  Республикасының    құрылуының   60 жылдығына арналған  әскери  парад  аяқталды

ҚХР  Төрағасы Ху Цзиньтао    әскери  парадтың    қолбасшысы,   Бейжің  әскери  округінің    қолбасшысы    Фан  Фэнхоймен бірге    Дунчаньаньцзе даңғылындағы   44  жаяу әскерді  аралап шықты.    Содан кейін  алаңмен   бірінші  болып   жаяу  полктар   жүріп  өтті, олардан кейін     әскери техникалар:  танктер,  сауытты техникалар,  артиллериялық қондырғылар,     зымыран кешендері алып өтілді.    Алаң  үстінен   100-ден  астам   әскери ұшақ пен тікұшақ    ұшып  өтті. Қытайдың Халық азаттық  армиясының әскери парадында      әскери   техниканың жаңа  52   түрі      таныстырылды.    Парадқа  құрғақтағы әскердің, әскери-теңіз  флотының,  әскери-әуе күштерінің    8 мыңнан  астам     әскери қызметкері   қатысты. 

 Ху  Цзиньтао    өз құттықтау    сөзінде атап  көрсеткендей,   Қытай Халық Республикасының  60 жылдығын  тойлап отырған  бүгінгі  күні   көпұлтты қытай    халқы     Ұлы елдегі   прогресті  мақтан тұтады  және    қытай ұлтының  өркендей  түсетініне сенімді.

Ху Цзиньтаоның  айтуынша,   жаңа Қытай прогресі мен  оның 60 жылдық  даму    жолы,  елдің   дұрыс жолмен  - социализм   жолымен  жүріп келе жатқанын   көрсетуде. «Біз    қытайлық  ерекшілігі бар   социализм жолымен  жүріп,     партияның  негізгі  теориясын,  негізгі     жолын,     негізгі бағдарламасы мен  негізгі тәжірибесін  енгіземіз, реформалар   мен  ашықтық саясатын  ұстанып,      қоғамдағы  ғылыми даму мен   үндестікті  ынталандырамыз,  бақуатты  қоғам құру  үшін     прогресті  ілгерілетеміз», деді  Ху Цзиньтао өз сөзінде.

Ху Цзиньтао сондай-ақ,   Қытайдың  тәуелсіз және    дербес  бейбіт   сыртқы саясат жүргізетінін,   бейбіт қатар өмір сүру қағидаларының  негізінде    әлемнің барлық елдерімен   достық ынтымақтастықты  дамыта беретінін  атап көрсетті.