Бейжіңде Астананың туристік әлеуеті таныстырылады

АСТАНА. KAZINFORM – 18 қазанда Бейжіңде Қытайда Қазақстан туризм жылы аясында қазақстандық туристік компаниялардың «Астана-Бейжің 2024» Роуд-шоуы өтеді.

год Казахстана в Китае
Фото: Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі

Роуд-шоуға қазақстандық туристік операторлар, агенттіктер мен қонақүй бизнесінің өкілдері қатысады, бұл Қазақстан мен Қытайдың туристік нарықтарының өкілдері арасында ынтымақтастықты нығайтып, жаңа іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. 

Шараның ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі, Visit Astana брендімен қызмет ететін Астана даму орталығы.

Іс-шара бағдарламасына роуд-шоулар, B2B кездесулері кіреді, олар туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау және Қытай нарығында қазақстандық туризмді ілгерілетуге бағытталған. 

Еске сала кетсек, 1-7 қазан аралығында жалғасқан «алтын апта» кезінде қытайлық туристер 100 млрд долларға жуық қаржы жұмсаған. Бейжің «Алтын апта» кезінде туристер саны мен кіріс бойынша рекорд жаңартты. Қытай астанасына шамамен 21,6 млн турист келді, ал қаланың туризмнен түскен кірісі шамамен 3,8 млрд долларды құрады. 

2024 жыл Қытайда Қазақстан туризм жылы, ал келесі жыл Қазақстанда Қытай туризм жылы болып жарияланды.