Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың үшінші форумы өтеді

17-18 қазан аралығында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Один пояс - один путь
Фото: ҚазАқпарат

ҚХР СІМ сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин форумның ашылу салтанатына қатысып, негізгі баяндама жасайды, сондай-ақ форум қонақтары үшін құттықтау банкетін және екіжақты іс-шараларды өткізеді. Бұл туралы сәрсенбіде министрліктің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин хабарлады.

«Бір белдеу, бір жол» форумы алғаш рет 2017 жылы мамырда Бейжіңде, ал екіншісі Қытай астанасында 2019 жылдың сәуірінде өтті.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы 2013 жылы басталған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» мен «ХХІ ғасырдағы теңіз Жібек жолы» жобаларын біріктіреді.