Бейжіңде Қазақстан киносының апталығы өтіп жатыр

Бейжіңдегі қазақстандық кино апталығын «Патриоттар уақыты» көркем фильмі ашты, деп хабарлайды Каzinform агенттігінің тілшісі.

Неделя казахстанского кино проходит в Пекине
Фото: Руслан Сулейменов/ Kazinform

Көрсетілім 2-5 қараша аралығында өтеді, осы күндері Қытай кино архиві жанындағы кинотеатр экрандарында алты фильм: «Томирис», «Біржан сал», «Шал», «Обучение Адемоки», «Композитор», «Патриоттар уақыты» және бір «Мұзбалақ» мультфильмі көрсетіледі.

Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев қазақстандық кино апталығының ашылуы Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы аясында өтіп жатқанын айтты.

Ш.Нұрышевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің, ШЫҰ Хатшылығының және ШЫҰ Тату көршілік, достық және ынтымақтастық комитетінің Қазақстанның 2023-2024 жылдары Ұйымға төрағалық ету кезеңіне арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ШЫҰ-ның одан әрі дамуына жаңа серпін қосқан барлығы 25 іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Бейжіңдегі ШЫҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның мәдениет күні сәтті өтті.

«Бүгін біз тағы бір маңызды шара - қазақстандық кино апталығының ашылуын өткізіп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Неделя казахстанского кино проходит в Пекине
Фото: Руслан Сулейменов/ Kazinform

Апталықтың ашылуында сөз сөйлеген ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Миннің хабарлауынша, биылғы жылдың шілде айында Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуді қолға алғанын айтты. Ол бүгінгі шара Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі ең жарқын мәдени оқиғалардың бірі екенін атап өтті.

«Ұйымның дамуымен ШЫҰ кинофестивальдерін өткізу мәдени алмасу аясында дәстүрге айналды. Бұл іс-шаралар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін тиімді алаңдарға айнала отырып, мүше мемлекеттер тарапынан кең қолдауға ие болуда. Олар сондай-ақ елдеріміздің кинематографиялары арасындағы өзара түсіністік пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және ШЫҰ-ның мәдени күн тәртібін байытуға маңызды үлес қосып отыр», - деді Бас хатшы.

Бейжіңдегі отандық киноны Қазақстанның мәдениет қайраткерлері жеке таныстырады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының айтуынша, қазақстандық кино апталығы аясында қытайлық көрермен назарына режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Біржан сал», режиссері Ермек Тұрсыновтың «Шал», режиссер Әділхан Ержановтың «Обучение Адемоки», режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис», Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ», режиссер Серікбол Өтепбергеннің «Патриоттар заманы» туындылары ұсынылады.

Қазақ киносы апталығы аясында «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қытай коммуникация университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» және «Қазақфильм» АҚ мен Қытай медиакорпорацияларының бірі арасында «Фильмдер мен анимацияларды бірлесіп түсіру туралы ниет туралы меморандумға» қол қойылды.
Қазақстандық фильмдер көрсетілімін Қытайдың басқа қалаларында да ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Шараның ашылу салтанатына ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі, ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР Кинематография істері жөніндегі меилекеттік басқарма өкілдері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Елшілері, байқаушылар мен диалог бойынша серіктестер, сондай-ақ Бейжіңде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.