Бейжіңде Лукашенко мен Си Цзиньпин кездесті

Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті, деп хабарлайды Kazinform БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Лукашенко Си
Фото: belta.by

Күн тәртібінде сауда-экономикалық, инвестициялық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Бұған дейін Беларусь мемлекеті басшысының 3-4 желтоқсан күндері жұмыс сапарымен ҚХР-ге баратыны хабарланған болатын.