Бейжіңде «Наурыз Фест» фестивалі өтті

Бейжіңдегі фестиваль
Фото: Руслан Сулейменов / Kazinform

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында сенбі күні Бейжіңдегі танымал 798 арт-зонасы алаңында «Наурыз Фест» фестивалі өтті.   

Қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындады. ҚХР астанасындағы ірі заманауи өнер орталығында «Сүгір» қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетті.

«Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының соншалықты қарқынды және табысты басталғанына қуаныштымын. Бірнеше күн бойы қазақстандық шығармашылық топтар Бейжіңде үлкен концерттер ұйымдастырды, осылайша ҚХР астанасының қонақтары мен тұрғындары Қазақстан туралы көбірек білді», - деп атап өтті ҚХР Жазушылар одағының мүшесі Акбар Мәжит. 

Бейжің
Фото: Руслан Сулейменов / Kazinform

«Наурыз Фест» режиссері Мейіржан Әлиакпаров іс-шара бағдарламасының қызықты, мазмұнды және көркем екенін атап өтті. 

«Бейжің тұрғындары мен қонақтары көптеген жағымды әсерде қалды. Көріп отырғанымыздай, бүгін мұнда өнер адамдары мен жергілікті жұртшылық арасында шынайы ауызбіршілік атмосферасы қалыптасқан», - деді ол. 

Фестиваль «Наурыз Фест»
Фото: Руслан Сулейменов / Kazinform

Еске сала кетсек, 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланған болатын.

Айта кетсек, жылдың ресми ашылуы халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форумнан басталып, Қазақстанның көрмесі және этно-ауылдағы мәдени іс-шаралармен жалғасты. 

Соңғы жаңалықтар